"Антоновка орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

2024 жылдың 5 маусым күні «Антоновка орта мектебі» КММ жанындағы «Қарлығаш» лагерінде жоспарға сәйкес «Жас полиглот» тақырыбында тәрбиешілер іс-шаралар өткізді.

Previous Next

#Birtutas_tarbie
#біртұтас_тәрбие
#Летний_отдых
2024 жылдың 5 маусым күні «Антоновка орта мектебі» КММ жанындағы «Қарлығаш» лагерінде жоспарға сәйкес «Жас полиглот» тақырыбында тәрбиешілер іс-шаралар өткізді. Сағат 10:00-де балалар жиналған соң, жаттығу жұмыстары жүргізілді. Тәрбиеші Кружнова Л.А. балалармен КВН өткізді, балалар белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильтаева А.Т. «Тілдер патшалығы» тақырыбында жарыс ойынын өткізді, іс-шара бірнеше кезеңнен құрылды. Балалар қызығушылық танытып, барлық кезеңдерден сүрінбей өтуге ат салысты.
Жарыс соңында барлық балаларға белсене қатысқандары үшін тәттілер таратылды.
Іс-шара соңында өткізілген күннің қорытындысы бойынша Сапарова Ж.О тренинг өткізілді.

Записаться на прием