2024 жылдың 30 желтоқсан күні Мәдениет үйінде “Ұстаз” фильмі көрсетілді. Бұл фильмді көруге барғаныма өкінбедім. Ұстаздар қауымы мен мектеп оқушыларына әсері зор деп ойлаймын. Өз басым қазіргі уақытта оқушылардың оқуға деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыруда көп еңбек ету керек. Жас мамандарды ауылды жердегі мектептерге тарту керек. Ұстаздық жолдан тайынбай, адал еңбек етіп, жетістікке жетудің түрлі әдіс-тәсілдерін қарастырып, әр нәрсенің өзінің жетер биіктігі бар екеніне сенімді болу керек. Әр ұстазға тілерім қайрат-жігер, шыдамдылық пен мол талпыныс!
Абильтаева Айсулу Темирболатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, еңбек өтілі- 14 жыл.
Жаңалықтар
2024 жылдың 30 желтоқсан күні Мәдениет үйінде “Ұстаз” фильмі көрсетілді.
Қаралды: 14