"Антоновка орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

11 маусымда мектеп жанындағы лагерьде " Зияткерлер қаласы" күні болды.

Previous Next

11 маусымда мектеп жанындағы лагерьде " Зияткерлер қаласы" күні болды. Тәрбиешілер балаларға зияткерлік ойындар мен жарыстарға байланысты қызықты бағдарлама дайындады. Барлығы балаларды ойландыратын жаттығулардан басталды. Алдымен "Білім-күш" тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Балалар бұл ойында берілген сұрақтарға жауап бере отырып, бір-бірлерімен жарысқа түсті. Ағылшын тілінен "British Bulldog" сабағы өтті. Кейін "Ұлы мәртебелі басқатырғыш" лабиринт сайысы өткізілді. Атаулы күн қызықты ойындармен, жағымды эмоциямен және зияткерлердің спорттық эстафетасымен аяқталды.

Записаться на прием