Меню KDT

logo.png?_=1675669689


"Антоновка орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Айыртау ауыл шаруашылығы колледжі « КММ Ашық есік күні




    2019 жылы 17 мамырда 9 «б» сынып оқушылары Лобаново ауылының ауылшаруашылық колледжінде «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты. Оқытушылар мен өндіріс шеберлері оқушыларды ағымдағы жылы қабылдау жарияланған екі жаңа кәсіппен таныстырды. Колледжде үш жаңа кәсіби бағыт ашылады: экскурсовод, « Туризм» саласы бойынша туристік агент және «қонақ үй шаруашылықтарын ұйымдастыру және қызмет көрсету» саласы бойынша супервайзер (ауысым бастығы). Таныстыру әңгімелесуден кейін әр мектептен келген қонақтарға колледж аумағын қарау ұсынылды. Балалар экскурсияға аттанды. Жаңа жатақханаға барып, онда: теориялық және практикалық оқыту кабинеттері, оқу залы, кітапхана, сондай-ақ тұрмыстық бөлмелер орналасқан. Содан кейін асхананың корпусына өтіп, шай мен тәттілермен тамақтана алды. Біздің балалар сапардан жағымды әсер қалдырды, өйткені ақпарат қызықты болды, ал уақыт пайдалы өтті.



                                                                         

                                                                         

                                                                         
    20.05.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Рухани жаңғыру