Меню KDT

logo.png?_=1675669689


"Антоновка орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Консультативтік пункт

    Кеңес беру орталығы

    «Антоновка орта мектебі» КММ

    Құрметті ата-аналар!

          Сіздерді «Антоновка орта мектебі» КММ базасындағы кеңес беру орталығына келуге шақырамыз.

      Консультативтік орталықты құрудың мақсаты – отбасы мен әлеуметтік тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, білім беру ұйымдарына баратын және бармайтын балалардың жеке тұлғасының жан-жақты дамуына қолдау көрсету.

    Консультациялық орталықтың міндеттері:

    1. Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған және Антоновка ауылының аумағында тұратын ата-аналарға мектеп жасына дейінгі (2 жастан 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша кеңестер және практикалық көмек көрсету.
    2. Баланың дамуындағы проблемалық аймақтарды диагностикалау, қажетті түзету және дамыту шаралары туралы ақпарат беру.
    3.  Ата-аналарға, оқу мекемелеріне бармайтын 2-5 жас аралығындағы балаларға мектепке бару кезінде тең бастау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсету.

    Бізден

    тегін консультациялар:

    - тәрбиеші;

    - педагог-психолог;

    - әлеуметтік педагог;

    - медицина қызмет, ала аласыздар

    Кеңес беру орталығының мамандары мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға дәрістер, кеңестер, дөңгелек үстелдер, жеке әңгімелер өткізеді.

     «Антоновка орта мектебі» КММ жанындағы консультативтік орталық мына мекен – жайда орналасқан:

    Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, с. Антоновка, көш. №1 мектеп

    Консультацияға жазылу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:             26 - 1-83 . Аптасына екі рет 17:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Кеңес беру орталығы тегін қызмет көрсетеді.

       «Антоновка орта мектебі» КММ жанындағы консультативтік пункттің жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    - отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

    - ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

    - оқу орындарына бармайтын балалардың жеке тұлғасын жан-жақты дамытуға қолдау көрсету;

    - ұйымдаспаған балалардың құрдастарымен қарым-қатынасына жағдай жасау;

    - мектепке дейінгі тәрбиемен айналыспайтын 2-5 жас аралығындағы ата-аналар мен балаларға мектепке бару кезінде тең бастау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсету;

    - ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңестер беру;

    - мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету.

    Біздің кеңес беру орталығында сіз келесі сұрақтарға жауап ала аласыз:

    Баланы балабақшаға қалай дайындау керек?

    Балаға қандай әдебиеттерді оқу керек?

    Балаға қандай ойын мен ойыншық таңдау керек және баламен қалай ойнау керек?

    Баланың денсаулығын қалай сақтауға және нығайтуға болады?

    Балаңызға қарым-қатынастағы қиындықтарды жеңуге қалай көмектесе аласыз?

    Мазасыз балаға қалай көмектесуге болады?

    Агрессивті баламен қалай күресуге болады?

    Баланың сөйлеуін қалай белсендіруге болады?

    Баланың шығармашылық қабілеттерін қалай анықтауға және дамытуға болады?

    Баланы мектепке қалай дайындау керек?

    Осы және басқа да сұрақтарға біздің кеңес беру орталығының білікті мамандары жауап береді.

    Кеңесу пунктінің мамандары 
    КП жұмыс жоспары 
    КП жұмыс режимi 
    Функционалдық міндеттері   
    Бұйрық 2023ж.01.09.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Рухани жаңғыру